Эйфель мұнарасы жанында террорлық актіден турист қаза тапты
Эйфель мұнарасы жанындағы Гренель жағалауы ауданында пышақ пен балға ұстаған ер адам көшедегі адамдарға шабуыл жасап, салдарынан германиялық турист қаза тапты. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаскөйді полиция қолға түсіргенше ол тағы екі адамды жарақаттап үлгерді.
«Лаңкес «Аллаху акбар» деп айғайлаған. Ол ұсталды. Француздық БАҚ мәліметінде, оның жасы 26-да, Франциядағы ирандықтар отбасында дүниеге келген. Бұған дейін лаңкестік әрекет ұйымдастырғаны үшін 4 жыл қамауда болған.
Ұсталғаннан кейін полицияға берген жауабында «Ауғанстан мен Палестинада мұсылмандар қаза тауып жатқанына көндіге алмайтынын» айтып, Францияны Израильге көмектеседі деп айыптады», –деп жазады Euronews.
Қаза тапқан ер адам – Филиппинде дүниеге келген Германия азаматы. Франция президенті Макрон шабуылды лаңкестік әрекет деп атады.
France.
— 🔥⭐️Edwin⭐️🔥 (@Nuked4Every1) December 3, 2023
Terror attack right next to the Eiffel Tower in Paris.
The Islamist attacker stabbed a German-Filipino citizen to death and wounded another German tourist and a British man.#ReligionOfPeace pic.twitter.com/ntUHyB1BJX