Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париждің басты көркем орындарының бірі – Эйфель мұнарасы Ливан астанасы Бейруттағы жойқын жарылыс құрбандарын еске алу үшін түн ортасында жарығын сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат News18.com-ға сілтеме жасап.

Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді

Бейсенбі күні түнде Эйфель мұнарасы Бейруттағы жойқын жарылыстың 135 құрбанын еске алу үшін бір сағат жарықсыз тұрды. Мұнараның ресми сайтында мынадай хабарлама жарияланды: «Бейрут тұрғындары мен Ливан азаматтарына тілектестікпен түн ортасында жарығымды сөндіремін».