Эйфель мұнарасында едені шыны қабат салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы жөндеу жұмыстары жүргізілген соң көпшілік үшін есігін қайта айқара ашты. Бұл жұмыстарға Франция €30 млн. қаржы жұмсады, деп хабарлайды France 24.
Енді мұнараның 57 м биіктігінде едені мөлдір шыныдан салынған қабат ашылды. Бұл қабатта экодүңгіршектер мен мөлдір қауіпсіздік тосқауылдары жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда енді жел диірмендері, күн панельдері мен жаңбыр суын пайдаланатын кәріз жүйелері іске қосылған. Айта кетейік, Париждің символы болып саналатын Эйфель мұнарасы 1889 жылы салынған.