Эйфель мұнарасында лифт үзіліп кетті

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Париждегі Эйфель мұнарасында 15 метрлік биіктіктен лифт үзіліп кетті.
None
None

Оқиға жөндеу-сынақтан өткізу жұмыстары барысында орын алды. Бұл туралы Le Parisien-ке сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Абырой болғанда, құлау барысында кабина бос болды, сондықтан төтенше жағдайдың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мұнараның әкімшілігі болған жағдайды бар жауапкершілігімен тексеруде.

«Техникалық проблемалар анықталып, жойылатын болады. Кабинаға келетін болсақ, ол айтарлықтай бүлінген жоқ. Жөндеу-сынақтан өткізу жұмыстары аясында лифт келушілер үшін наурыз айының ортасынан бері жабылған және алдағы бірнеше аптада жабық болады», - деп атап өтті Эйфел мұнарасын іске қосу бойынша қоғамдастықтың бас директоры Николя Лефебр.

Мамандарды лифттің құлауын болдырмауы тиіс болған апаттық тежегіштердің іске қосылмай қалғандығы үрейлендірді. Ақаулардың себептерін анықтау бойынша техникалық комиссия құрылды.

Эйфель мұнарасын қайта жөндеу 2012 жылдың басында басталды. Жаңарту жұмыстары жарты жыл бойы жүргізілмек және мэрия мұнараны жөндеу үшін 25 миллион еуроға шығындалатын болады. Бұл, мұнара салынған 1889 жылдан бергі жасалып отырған үшінші жөндеу. Жыл сайын Эйфел мұнарасында 7 миллионға жуық турист болады.

Соңғы жаңалықтар