15:32, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Эйнштейннің хаты 3 млн. долларға сатылды
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Әлемге аты мәшһүр болған ғалым Альберт Эйнштейннің Құдай мен дін туралы ойларын жазған хаты eBay аукционында 3 100 000 долларға сатылды. Оның сатып алушысы белгісіз болып қалуды қалады, деп хабарлады Утро.ру.
1954 жылдың 3 қаңтарында неміс тілінде жазылған хат АҚШ-ғы Пристон университетінде жұмыс істеген еврейлік философ Эрик Гуткиндке жөнелтілген. Бұл хатта ғалым дінді «еріккендік» санап, еврей халқының өзгешелігіне күмән келтіреді.
Бұл хат Эйнштейннің ғұмырдан озуына 1 жыл қалғанда жазылған. Құжат 50 жыл бойы жеке коллекцияда сақталып келді.