«Эйр Астана» Астана-Санкт-Петербор жаңа бағытын ашты

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушысы Air Astana Астана-Санкт-Петербор бағыты бойынша жаңа рейс ашты.

«Эйр Астана» Астана-Санкт-Петербор жаңа бағытын ашты

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім етілгедей, аталмыш бағыт бойынша бразилиялық Embraer 190 (97 орын) ұшағы аптасына екі рет қатынайтын болады.

Екі жаққа эконом-класпен ұшу құны 54050 теңгеден басталады, оған салық, басқа да әуежай алымдары кіреді, бизнес-класпен ұшу 189 998 теңгеден жоғары.

Санкт-Петербордан Астанаға ұшу уақыты 3 сағат 35 минут, Астанадан Санкт-Петерборға - 4 сағат 20 минут. Ұшақ 13 маусымнан бастап қатынай бастайды.