«Эйр Астана» әуе билеттерінің бүкіләлемдік жаппай сатылымын өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе билеттерінің бүкіләлемдік жаппай сатылымын өткізеді. Бұл туралы «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» әуе билеттерінің бүкіләлемдік жаппай сатылымын өткізеді

"Дүниежүзілік сатылым" науқаны аясында біз кейбір халықаралық бағыттарымызда 20%-ға дейін арзан тиімді тарифтерді ұсынамыз.

Арнайы тарифтер 2014 жылдың 16 қыркүйек күні таңғы сағат 08.30 бен 2014 жылдың 18 қыркүйек күні түнгі сағат 24.00 аралығында 3 күн бойы сатылымда болады. Бұл ұсыныс 2014 жылдың 1 қазаны мен 2015 жылдың 1 наурызы аралығындағы Қазақстаннан ұшып шығатын рейстердегі эконом-класс орындарына жарамды», - деп жазылған хабарламада.