«Эйр Астана» әуе компаниясының акциялары IPO-ға шығарылмақ

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы бастапқы жария орналастыруды (IPO) өткізу мүмкіндігін қарастырмақ, деп хабарлайды Kazinform. 

Air Astana
Фото: Air Astana

Тиісті хабарлама әуе компаниясының сайтында жарияланды

Егер «Эйр Астана» ғаламдық орналастыруды және жергілікті орналастыруды өткізу туралы шешім қабылдаса, онда BAE Systems (Kazakhstan) Limited («BAE») және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» («СК») акционерлік қоғамына тиесілі акциялар мен ҒДҚ, сондай-ақ компанияның қайтадан шығарылған акциялары және ҒДҚ сатылымға шығарылады. 

Компания KASE «Негізгі» алаңының «Акциялар» секторының «Премиум»
санатына акцияларды жіберуге өтінім берді және KASE сауда-саттығына өтінім береді. 

 

Соңғы жаңалықтар