«Эйр Астана» әуе компаниясы Лондон - Астана, Астана - Лондон бағытындағы рейстер санын ұлғайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 2 маусымнан бастап әуе компаниясы Лондон - Астана, Астана - Лондон бағытында жасалатын апта сайынғы рейстерінің санын төртке дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Лондон - Астана, Астана - Лондон бағытындағы рейстер санын ұлғайтады

Бұл туралы Қазақстанның  Ұлыбританиядағы Елшілігі хабарлады.

Қазақстанға аптасына үш рет орындалатын рейстерге қосымша «Эйр Астана» әуе компаниясының «Боинг 757» лайнері Лондон қаласының «Хитроу» әуежайынан Қазақстан астанасына дүйсенбі күндері аттанады.

Қазіргі таңда, «Эйр Астана» рейстері Қазақстанға аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.