«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшқыштар дайындау орталығын ашуды жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда жақын арада ұшқыштар дайындау және жаттықтыру орталығы ашылады. Ол үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы Эйрбас А-320 әуе кемелерінің пилоттарын жаттықтыруға арналған EVPT жетілген виртуалды тренажерін сатып алды. Бұл жеке жаттықтыру орталығын ашудағы бірінші қадам.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен өткен кездесу барысында «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұнымен қатар, ұлттық тасымалдаушы өзінің нұсқаушыларын дайындау бойынша оқу бағдарламаны американдық Delta әуе компаниясының халықаралық ұшу орталығында жүзеге асыра бастағанын мәлімдеді. Бүгінгі күні ол жерде дайындықтан өтіп жатқан пилоттардың сегізі сертификаттарын алған. Жуырда осындай дайындықтан 50 адам өтеді деп жоспарлануда деді компания өкілдері.

«Өз жаттығу орталығын ашуға Қазақстанда білікті ұшқыш кадрлері тапшылығы және озық ұшуға жаттықтыру тренажерлары, ұшақтармен жарақталған халықаралық стандарттарға және қазіргі талаптарға сай оқыту кешендерінің жоқтығы себепкер болып отыр. «Эйр Астана» пилоттарға қатаң талаптар қойып отыр, өйткені ұлттық тасымалдаушының басым бағыты - ұшу қауіпсіздігі", деді «Эйр Астана» АҚ пилоттар қызметінің бас менеджері Том Хэллам.

«Аэросим» компаниясы дайындаған EVPT жетілдірілген виртуалды тренажер сенсорлық қалқаны бар жалпақ панельден тұрады, оған әуе кемесінің әртүрлі сайманы - қозғалтқышты басқару тетігі, автопилот панелі, басқару және индикация блоктары қосылған. EVPT тренажері жаттығу уақытын оптимизациялау және пилот пен инженерлерді оқыту процесін жақсарту мақсатымен құрылған.

2008 жылдан бастап «Эйр Астана» пилоттарды алғашқы дайындау бағдарламасын (ab-initio) орындай бастады. Оған 18 және 35 жас аралығындағы физика, математика және ағылшын тілін жақсы білетін Қазақстан азаматтары қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында Флорида технологиялар Институты жанындағы РТС беделді американдық ұшу колледжінде еліміздің 24 болашақ ұшқыштары оқуда, олардың арасында жалғыз қыз Полина Павлова бар.

Соңғы жаңалықтар