«Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушылары елордадан Алматыға және Бейжіңге ұшып шыға алмады
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат- 26 ақпан күні «Эйр Астана» әуе компаниясы №852 рейсінің жолаушылары Астанадан Алматыға ұша алмады.
Рейстің орындалмауының себебі мынадай: сапарды орындауы тиіс ұшақ техникалық себептерге байланысты Алматыдан елордалық әуежайға келмей қалды. Бейжіңге ұшу үшін Алматыдан әуе кемесіне қайта отыруы тиіс болған 26 жолаушы елордадан ұшып шыға алмай қалды. Орындалмаған рейс жолаушыларының айтуынша, студенттер сабақтарына кешікті, іскер адамдардың бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюы жоспарланған іс-сапарлары болмай қалды.