«Эйр Астана» әуекомпаниясы «Астана-Ташкент» жаңа рейсін ашты

ТАШКЕНТ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Астана-Ташкент-Астана» бағыты бойынша жаңа тікелей рейсті іске қосуда.
None
None

Бірінші рейс сенбі, 2012 жылдың 12 мамырында жасалды. Атап айтқанда, Астанаға Ташкенттен шамамен 70 адам аттанды. Ұшулар аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндерінде «Эмбраер-190» жабдықталған әуе кемесімен (эконом-класта - 88 орын және бизнес-класта - 9 орын) жүзеге асырылады.

«Эйр Астана» АК-ның Өзбекстан Республикасы бойынша аймақтық менеджері Серік Рыс-Ұлы агенттігіміздің тілшісіне берген сұхбатында: «Әуе компаниясы өңірлік бағдарлық желіні дамыту бойынша өзінің үдемелі қозғалысын жалғастыруда, соның ішінде Орталық Азияда. Өзбестандық азаматтарға Қазақстанның жас елордасы Астананың көрнекті орындарымен танысу, ал қазақстандықтарға - өзбек халқының көне тарихы мен мәдениетіне қанығу қызық болады деген ойдамыз».

Билеттердің құны әуежайлық салықтарды қоса алғанда: Ташкенттен Астанаға бір бағытқа - 372 414 өзбек сомын (1 АҚШ доллары - 1862 сом), екі бағытқа - эконом-класта 625 349 өзбек сомынан басталады, бизнес-класта бір бағытқа - 652 913 өзбек сомынан, екі бағытқа - 1 283 919 сомынан басталады. Ұшу уақыты екі сағатты құрайды.

Соңғы жаңалықтар