Эйр Астана әуекомпаниясының қызметін алғашқы жартыжылдықта 1,5 миллионнан астам жолаушы пайдаланды
АЛМАТЫ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» АҚ-ы алғашқы жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысын жариялады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда компания қызметін пайдаланған жолаушылар саны биыл 13 пайызға өсіп, 1 миллион 524 мың 734 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 8515 тонна жүк тасымалданды. Бір «Boeing 757-200» мен үш «Embraer 190» ұшағының келуі жолаушылар сыйымдылығын 11 пайызға ұлғайтты. Қазіргі таңда компанияның әуе паркінде 26 ұшақ бар.
Алғашқы жартыжылдықта ішкі бағытта жаңадан Астана-Шымкент, Астана-Ақтау, ал халықаралық бағытта Астана-Омбы, Астана-Ташкент, Астана-Баку және Алматы-Қазан әуе маршруттары ашылды. Енді екінші жартыжылдықта халықаралық бағытта Алматы-Гонконг, Алматы - Хошимин , Атырау - Мәскеу рейстрі және Алматы-Бейжің рейсіне қосымша Астана-Бейжің әуе қатынасы ашылмақ. Қараша мен 2013 жылдың мамыр айлары аралығында әуепаркі төрт «Airbus A320» мен екі «Airbus A32» ұшағымен толығады деп жоспарлануда. Коспания биыл үш «Boeing 787 Dreamliner» және төрт «Boeing 767-300ER» ұшағына тапсырыс берген болатын. Олар 2013-2017 жылдар аралығында жеткізілмек.