«Эйр Астана» Баку мен Астана арасында қосымша рейсті іске қосады

Сөйтіп, енді Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасындағы ұшулар дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жайлы Embraer 190 авиалайнерімен атқарылады. Рейстердің ұшу және келу уақыттары бұрынғыша қалады.
Еске сала кетейік, Астана мен Баку арасындағы алғашқы рейс 2012 жылғы 21 мамырда басталған болатын. Осы кезден бері 15 мыңнан астам жолаушы тасылды.
«Бұл бағыттағы авиатасымалдарға сұраныстардың артуын ескере отырып, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін авиакомпания екі ел арасындағы ұшулар жиілігін ұлғайтуға шешім қабылдады. Бұл қадам Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасындағы іскерлік, мәдени және дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамытуға жәрдемдеседі деп сенемін», - деді «Эйр Астана» АҚ-ның Әзірбайжандағы аймақтық менеджері Ерболат Байсалықов.
Бакуден Астанаға билет құны экономикалық класта бір жаққа әуежай алымдары мен басқа да салықтарды қоса алғанда 220 әзірбайжан манаты (1 манат = 1 еуро), бизнес-класта - 530 манат мөлшерінде болады.
Астанада жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін Қазақстанның басқа қалаларына, сондай-ақ Әбу-Даби, Бейжің, Үрімші, Екатеринбор, Новосібір және басқа да халықаралық бағыттардағы рейстермен қолайлы түйісуі көзделген.
Бакуден Астанаға ұшу ұзақтығы - 2 сағат 50 минут.
Билеттерді «Эйр Астана» авиакомпаниясының Әзірбайжандағы өкілдігінде, www.airastana.com сайтында, сондай-ақ «Эйр Астананың» Қазақстандағы авиабилеттер сату кеңселерінде брондауға болады.