«Эйр Астана» Бакуде жаңа Stop Over туристік бағдарламасын таныстырды

БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде Four Seasons қонақ үйінде Қазақстанның ұлттық тасымалдаушы компаниясы «Эйр Астана» БАҚ өкілдерінің қатысуымен жаңа бағдарламаны таныстыру шарасын ұйымдастырды.

«Эйр Астана» Бакуде жаңа Stop Over  туристік бағдарламасын таныстырды

Шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Амангелді Жұмабаев, «Эйр Астана АҚ-ның үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелері бойынша аға вице-президенті Ербол Оспанов, қоғамдастықпен байланыс жөніндегі вице-президент Белла Тормышева, ТМД-да сату жөніндегі директоры Серік Рыс-Ұлы мен Әзербайжандағы өңірлік менеджер Ғалымжан Сейілбаев қатысты.

Таңғы ас барысында БАҚ өкілдері «Эйр Астана» қызметінің негізгі аспектілерімен, Stop Over Holidays транзиттік жолаушыларына арналған жаңа туристік бағдарламасымен танысты.

Авиакомпанияның ТМД-дағы сату жөніндегі директор Серік Рыс-Ұлының айтуынша, компания мен Әзербайжан арасында сенімді әріптестік және достық қатынас баяғыда қалыптасқан. 2013 жылы «Эйр Астана» компаниясымен Алматы-Баку, Астана-Баку бағыты бойынша 44 400, 2014 жылы 46 869 жолаушы тасымалданды.

«Бүгінде Бангкок, Бейжің, Куала-Лумпур, Сеул, Үрімші және Бішкек арқылы жолаушыларды ұсына отырып ынтымақтастықты нығайтып, Stop Over арнайы туристік бағдарламасын іске асырғымыз келеді», - деді ол.

Stop Over Holidays бағдарламасы Астана мен Алматы арқылы жүретін халықаралық транзиттік жолаушыларға арналған. Stop Over пакеті қонақүйге орналасу, таңғы ас, тегін СИМ-карта, маусымға қарай түрлі экскурссия, Астана, Алматы қалаларының үздік мейрамханаларын қамтиды.

Авиакомпания 2002 жылдан бері ұшырылымды жүзеге асырып келеді, бүгінде батыста шығарылған 30 ұшақтан тұратын әуе кемелеріне арналған паркі бар. Компанияның маршруттық желісі 60-тан астам халықаралық, өңірлік бағытты қамтиды.

Алматы-Баку бағыты бойынша ұшырылымдар маусымдық чартерлік рейс ретінде 2009 жылы ашылды. Сұраныстың артуына орай, 2012 жылы Астана-Баку рейсі іске қосылды. Бүгінде «Эйр Астана» Астана мен Алматыда 3 рейсті жүзеге асырады. Көктемгі-жазғы кезеңде рейс санын аптасына 8-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.