«Эйр Астана» билет құнының қымбаттауына түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі қолданушылары мереке күндері қарсаңында Алматы мен Астана арасында қатынайтын ұшақ билеттері аспандап кету мәселесін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазақстандықтар еліміздің негізгі қос шаһары арасында ұшатын ұшақ билеттерінің бағасына қатысты пікірталас туындаған. Пікір білдірушілердің айтуынша, Алматы - Астана бағытында ұшақ билетін қолжетімді бағамен алу мүмкін емес.
«Бізде тариф бойынша өзгеріс жоқ. ЭКСПО-2017 көрмесі мен алдағы демалыс күндеріне байланысты билетке сұраныс жоғары болып тұр. Жолаушы неғұрлым билетті ертерек сатып алса, соғұрлым арзан бағаға қол жеткізе алады. Бұрын да солай болған, бірақ соңғы кезде арзан билеттер ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты тым ерте сатылып кетіп жатыр. Жоспарлары күрт өзгеріп кететіндіктен, адамдар ең соңғы сәтте ғана сапарға шығуға шешім қабылдап жатады. Әлбетте, осыдан кейін олар қалған билетті сатып ала алады. Ал бұл билеттер құны қымбат», - деп түсініктеме берді «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, екі апта бұрын Алматы-Астана бағытында екі жаққа ұшу билетін 44 226 мың теңге болса тең болып тұр. Ал сапар алдындағы бір немесе екі күн бұрын билетті 81 136 теңгеге сатып аласыз.
Айта кетерлігі, екі апта бұрын Алматыдан Астанаға барып-қайту билеті 44 226 мың теңге болса, сапар алдында дәл сол билетті 81 136 теңгеге сатып алуға мәжбүр боласыз.