«Эйр Астана» бортында стюардессаға тиіскен жолаушы жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ұшақ бортында стюардессаға тиіскен рейс жолаушысы бір тәулікке қамалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласы сотына сілтеме жасап.

«Эйр Астана» бортында стюардессаға тиіскен жолаушы жауапқа тартылды

«2016 жылы 30 желтоқсанда «Эйр Астана» әуе кемесінің бортында мас жолаушы жолсерік қызға тиіскен. Өз әрекетімен құқық бұзушы оның ар-намысын аяқасты етіп, айналасына құрметсіздік танытты, қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге жолаушылардың мазасын алды», - делінген хабарламада.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБК 434-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 1 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Әзірге қаулы заңдық күшіне енген жоқ.