«Эйр Астана» Грузия мен Ресейге жаңа әуе бағыттарын ашты

АЛМАТЫ. 2 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Тбилиси, Алматы-Самара бағытында жаңа рейс ашты. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» Грузия мен Ресейге жаңа әуе бағыттарын ашты

Жаңа бағыттар жақында алынған Embraer 190 ұшақтарымен дүйсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылады. Бұл ұшақтар бизнес және эконом класты, 97 адамға лайықталған. Бұл ұшақтармен Алматыдан Тбилисиге дейін ұшу мерізімі 4 сағат, Самараға дейін 3 сағатты құрайды.

«Эйр Астана» әуе бағыттарын көбейту туралы стратегиясына сәйкес бұған дейін Алматы-Баку, Алматы-Бішкек, Алматы-Ташкент, Алматы - Санкт Петербург, Алматы-Үрімжі бағыттарын ашқан болатын. Жалпы соңғы 7 айда жеті әуе бағыты қолданысқа берілген.