Эйр Астана, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп 2019 жылға қарай жекешелендіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің ірі компаниялары - «Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз» және «Қазатомөнеркәсіп» 2019 жылдан кешіктірілмей жекешелендірілетін болады. 
None
None

Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбі, 10 мамыр күні мәлімдеді.

«Үш компанияның акциялары IPO арқылы сатылатын болады», - деді министр Reuters агенттігіне Кипрде өткен Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы жиналысы шеңберінде.

Қазақстанда 120-дан астам шағын және орта компания жекенің қолына өтіп үлгерді. Қазіргі уақытта ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар