«Эйр Астана» компаниясы Алматыдан Бакуге алғашқы рейс жасады

БАКУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Кеше, наурыздың 29-ы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.15-те Гейдар Әлиев атындағы Баку әуежайына «Алматы-Баку-Алматы» бағыты бойынша алғашқы рейс орындаушы «Эйр Астана» компаниясының «Airbus А-320» ұшағы келіп қонды,

«Эйр Астана»  компаниясы Алматыдан  Бакуге   алғашқы рейс жасады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Баку әуежайында жолаушылар ұшағын Қазақстанның Әзірбайжандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Серік Пірімбетов бастаған делегация салтанатты жағдайда күтіп алды.Бакуге ұшып келген рейс жолаушыларының ішінде «Эйр Астана» компаниясының аға вице-президенті Ербол Оспанов, «Хабар» агенттігінің және басқа да бірқатар қазақстандық басылымдардың журналистері болды. Әзірбайжан телеарнасына әуежайда сұхбат берген Елші С.Пірімбетов, жаңа рейсті ашу қажеттілігі баяғыдан туындағанын, себебі Қазақстан мен Әзірбайжанның арасындағы тату көршілік қарым-қатынастың дамып отырғанын атап көрсетті. Бұл бағыт бойынша ұшақ аптасына екі рет ? сәрсенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.