«Эйр Астана» компаниясы КС 305 рейсінің Астана әуежайына қону себебіне түсінік берді

АЛМАТЫ.  Тамыздың  1-і.  ҚазАқпарат - «Эйр  Астана»  авиакомпаниясы   КС 305 рейсінің   Астана әуежайына  қону себебіне  түсінік береді, 

«Эйр Астана»  компаниясы КС 305  рейсінің Астана әуежайына қону себебіне түсінік берді

 деп   хабарлады  компанияның баспасөз қызметінен.

Шілденің 31-інде    Алматы-Павлодар бағытындағы  КС 305  рейсін орындаушы  «Эйр  Астана»  компаниясының    ұшағы    оңтүстік астанадан   кесте  бойынша таңғы сағат 8.00-де ұшып  шыққан.   Ұшақ бортында 72 жолаушы болған.  Сағат 9:30-да      әуе кемесінің командирі,   техникалық   ақау  туралы   белгі берген      аспаптардың  көрсеткіштерін   басшылыққа ала  отырып,   қосымша техникалық     қызметтен   өткізу    үшін  елордалық әуежайға  қону   және  содан кейін  Павлодарға ұшу  туралы шешім  қабылдайды.  Сағат 10:40-та  ұшақ  Астана  әуежайына аман-есен қонды. 

 Компанияның  корпоративтік  қауіпсіздік және  сапа кепілдігі жөніндегі  вице-президенті  Герхард  Коэтзидің айтуынша,  «қосалқы әуежайға    бұрылу   туралы шешім     ұшу сапарының    қауіпсіздігіне   қатер төнуі  себебімен емес,    ұшаққа    толыққанды  техникалық    қызмет көрсетуге   болатын Астана  әуежайының        техникалық  мүмкіндігінің  кеңдігіне  байланысты  қабылданған».