«Эйр Астана» қызметкерлерінің жартысын Астанаға көшірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы техникалық персоналдың негізгі бөлігін Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эйр Астана» қызметкерлерінің жартысын Астанаға көшірді

Бұл туралы «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер айтты.

«Биыл компанияның техникалық қызметін көшіру жоспарланған. Олар Астана халықаралық әуежайында орналасатын болады», - деді Питер Фостер баспасөз мәлихатында.

Астанада 2017 жылдың аяғына дейін жаңа әуе техникалық орталық ашылатын болды.

Техникалық бөлімнің қызметкерлері келер жылдың басында көшеді. Компанияны толық көшіру көп шығынды талап ететіндіктен, әкімшілік құрамы Алматыда қалмақ.