10:23, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
«Эйр Астана»-ның меншікті ұшағына қазақстандық ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың есімі беріледі
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуекомпаниясының меншікті ұшағына қазақстандық ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың есімі беріледі.

«Embraer 190» әуекемесінің бортына ұшқыштың есімін жазу рәсімі шілде айында, әуекомпанияның меншікті ұшағы келгенде жасалмақшы. Компания басшылығы мұны аты аңызға айналған қазақтың ұшқыш қызының ерлігіне деген ізет қана емес, бейбітшілік үшін соғысқан барлық ардагерлерді ұлықтау деп қабылдау керектігін айтады.
Бұл туралы «Астана ақшамы» газеті жазады.