«Эйр Астана» «TENGRI TRAVELSYSTEM» туристік компаниясымен келісімді бұзды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлтық әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана» «TENGRI TRAVELSYSTEM» туристік компаниясының банкротқа ұшырауына байланысты компаниямен келісім шартты бұзды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«Эйр Астана» өкілдерінің айтуынша, компанияның төлемқабілеттілігі күмән тудырып отыр.

Алматы мен Астанадан Анталияға чартерлік рейстерді ұшыру туралы келісімге 2015 жылдың ақпанында қол қойылған болатын. Құжатта 31 мамырдан 29 қыркүйекке дейін Алматыдан Анталияға 53 рейсті, Астанадан Анталияға 37 рейсті ұйымдастыру көзделген еді.

Қазір Астанадан тек үш рейс, Алматыдан екі рейс Анталияға аттандырылды. 700-ге жуық турист Түркияға жеткізілген болатын.

«Эйр Астана» әуе компаниясы келісімге сәйкес туроператор ақысын төлемеген рейсті ұйымдастырмағаны үшін жауапты болмайды.

Алайда, компания басшылығы жолаушыларды қайта Қазақстанға алып келу үшін рейстерді 19 маусымға дейін жалғастыруды ұйғарды.

9 маусымда Антальядан Алматыға жоспарланған рейс жүзеге аспайтын болды.

«TENGRI TRAVELSYSTEM» аталған рейстегі жолаушыларды басқа рейстерге ауыстырады.

Сондай-ақ, «Эйр Астана» Антальядан Алматыға, Астанаға келетін жолаушыларға құны 100 доллар болатын арнайы тариф ашты. 2 жасқа толмаған балалар тегін қабылданады. Айта кетейік, бүгін «TENGRI TRAVELSYSTEM» туристік компаниясы өз қызметін тоқтататындығын мәлімдеген болатын. 700-ге жуық қазақстандық Түркияның қонақ үйлерінен шығарылып жатыр.

Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығы жапа шеккен агенттіктерге көмек қолын созу үшін үйлестіру штабын құрды.

Олар мемлекеттік органдар мен әуе компаниялары, қабылдаушы компаниялар, сақтандырушы компаниялар, заңгерлер мен туроператорлар арасында ақпараттық алмасуды жеңілдетпек. Аталған дерекке байланысты Қазақстан Туристік агенттіктер қауымдастығы Алматыда сағат 15:00-де баспасөз конференциясын өткізбек.

Соңғы жаңалықтар