«Эйр Астана» Түркияға сапарынан айнып қалған жолаушыларға билетінің құнын қайтарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» Ыстамбұл қаласының Ататүрік әуежайында орын алған қайғылы жағдайға ортақтасып, көңіл айтады.
None
None

«Қазіргі уақытта Ыстамбұлдағы әуежайы ашық, тексеру мен қауіпсіздік шараларының көбеюіне қатысты авиакомпания жолаушыларға рейстен үш сағат бұрын келуді сұрайды. Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылауда, бірінші кезекте экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігі басшылыққа алынады. Қосымша ақпарат алу үшін «Эйр Астананың» Алматыдағы: +7 (727) 2 44 44 77 және Астанадағы: + 7 (717) 258 44 77 ақпарат және брондау орталығына немесе авиакомпанияның билет сату кеңселеріне немесе турагенттікке хабарласуларыңызды өтінеміз», - деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

«Эйр Астана» арқылы Түркияға/Түркиядан билет алған жолаушылар сапардан бас тартқан жағдайда авиакомпания билет құнын еш айыппұлсыз қайтарады және ұшу күнін немесе ұшу бағытын айыппұлсыз өзгертіп береді (сол немесе басқа бағыттың қымбатырақ тарифіне қосымша төлеммен).  Бұл мәлімдеме 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін Ыстамбұл мен Анталияға ұшатын рейстерге қатысты. 

Соңғы жаңалықтар