«Эйр Астана» ұшағы Атыраудан ұша алмай қалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Атыраудан Алматыға ұша алмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Эйр Астана» ұшағы Атыраудан ұша алмай қалды

«Кеше кешке сағат 20.35-те «Эйр Астана» әуе компаниясының Airbus А320 ұшағы КС-886 рейсімен Атыраудан Алматыға ұшуы тиіс болған. Алайда, ұшақ қозғалтқышында шыққан ақау салдарынан ұша алмады», - деді ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Бірнеше сағаттан кейін 93 жолаушы Ақтаудан ұшып келген ұшақпен Алматыға жөнелтілді. Тағы 36 жолаушы «Эйр Астананың» келесі рейсін күтуі туралы шешім қабылдаған.

Қозғалтқыштағы ақаудың неден шыққаны әзірге белгісіз.