«Эйр Астана» ұшағы әуежайға неліктен оралды - әуе компаниясы себептерін атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» ұшағы әуежайға техникалық себептерге байланысты оралған. Оқиғаның мән-жайын компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгін Нұрсұлтан-Алматы бағытында KS 622 рейсін орындаған Airbus A321 бортында әдетте жерде қолданылатын қозғалтқыштың ауа жіберетін клапандарының бірінің істен шыққаны туралы дабыл қағылды. Бұл ақауды жою үшін нұсқаулыққа сәйкес экипаж ауа баптау жүйесінің ауа сорғышын өшірді», - делінген хабарламада.

Әуе кемесінің қондыруға кіріскен экипаж қосалқы қуат блогын іске қосып, ауаны кондиционерлеу жүйесіне резервтік ауа ағынын қосты. Кабинаның қысымын төмендету процесінде оттегі маскаларын қолдану қажет болмады. Экипаж жолаушыларға ұшақтың ұшып шыққан әуежайға қайта оралатындығын хабарлады. Қону қалыпты режимде орындалды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:15-те жолаушылар басқа ұшақпен жолға шықты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналы бұған дейін хабарлағандай, «бүгін таңғы сағат 07.43-те «Эйр Астана» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан А 321 ұшағы техникалық себептерге, яғни тығыздықтың жоғалуына байланысты әуежайға қайта оралды.


Соңғы жаңалықтар