«Эйр Астана» ұшағындағы науқастың тырысқақ жұқтырғаны расталмады - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайында тырысқақ ауруын жұқтыруы мүмкін науқасқа қатысты ақпарат түскелі бері жағдай бақылауда. Елорда тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін барлық қажетті шаралар атқарылуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Эйр Астана» әуе компаниясы агентінің хабарлауынша, Дели-Астана бағытындағы КС-242 рейсінде «тырысқақ» ауруын жұқтыруы ықтимал азамат отыр деген хабар түсті. Аталмыш рейс Астанаға 2019 жылдың 11 наурызы күні сағат 23-50-де қонған. Бортында 136 жолаушы бар. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша Астана қаласының және әуежайдың эпидемияға қарсы қызмет өкілдері тарапынан тиісті шаралар атқарылуда. Екі жедел жәрдем көлігі мен арнайы бригада дайын тұр»,-делінген хабарламада.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәліметтерінше, бортсеріктер науқасқа бөлек дәретхана ұйымдастырып, оның өзге жолаушылармен байланысын мүмкіндігінше азайтқан.

Астана әуежайында ұшақ тұратын санитарлық тұрақ дайындалды. Ол жерден арнайы бөлінген зал арқылы автобустармен тексеруге жолаушылар жөнелтіліп отырады. Қандай да бір күдік болған жағдайда жолаушылар медициналық тексеруден өткізіліп, тиісті емдік шаралар көрсетіледі.

null

«Әуежайда жедел жәрдем көліктері тұр. Украина азаматының дене қызуы 37 С, диарея, жүрегі айниды. Науқас ересектерге арналған инфекциялық ауруханаға жектізіледі. Онда оған арнайы орын дайындалып, тиісті ем шаралары қарастырылған»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті құрылымдарының барлығы жұмылдырылған. Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында эпидемияға қарсы бірқатар кешенді іс-шаралар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар