«Эйр Астана» үшін жыл сайын отандық 60 жоғары білікті ұшқыш даярланатын болады

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - «Эйр Астана» Ұлттық авиатасымалдаушы компания мен радиотехникалық жүйе пилоттарын даярлаушы колледж ұшқыштарды алғашқы оқыту бағдарламасы (AB-initio) аясында кадеттер оқыту үшін өзара келісімін ұзартты,

«Эйр Астана» үшін жыл сайын отандық 60 жоғары білікті  ұшқыш  даярланатын болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл колледж еуропалық алдыңғы қатарлы жаттығу орталығы болып саналады және Уотерфорд (Ирландия) пен Мельбурн (Германия) қалаларында қолайлы базалары бар. Осындай таңдаулы оқу орнында енді жыл сайын «Эйр Астана» авиакомпаниясы үшін 60 кадет білім алатын болады.

Соның арқасында әуе компаниясының жазғы уақыттағы мамандардың жеткілікті болуы қамтамасыз етіледі және 2022 жылға қарай авиатасымалдаушы компанияның флоты 50 ұшаққа дейін көбейетін болады. «Эйр Астананың» болжамы бойынша, 2012 жылға қарай жоғары біліктілікті пилоттардың жетіспеушілігі 300-ге дейін артпақ және жазғы уақыттардағы маман жетіспеушілігі де ұлғая түспек. Сондықтан да, компания бұл жағдайға жол бермес үшін алдағы уақытта штаттар құрамын жаңа жергілікті пилоттармен толықтыратын болады.

Ол үшін 18-29 жас аралығындағы өтініш берушілер математика, физика пәндері және денсаулығы бойынша іріктеледі. Бүгінге дейін 8 адам колледж бітіріп, ұшақтарда қызмет етуде. Қазірдің өзінде колледждің Флоридадағы пилоттар дайындау бөлімшесінде 30 кадет оқып жатыр, олардың ішінде Полина Павлова есімді бір қыз бар.

«20 жылдық тәжірибеме сүйене отырып, өзім істеген барлық авиакомпанияларындағы басты бағыт - қауіпсіздік пен сапалы білім дей аламын. Біз әлемдік деңгейге көтерілуге және экстра-сыныптық пилоттарды қабылдауға ұмтыламыз. Сондықтан колледждің барлық жағдайын тексеріп көрдік. Жоғары деңгейлілігіне көзіміз жеткен соң келісімімізді ұзартып отырмыз», деді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.

Келісімшартты ұзарту аясында «AB-initio» бағдарламасына үміткерлерді қабылдау колледж арқылы жүргізілетін болды. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл іріктеу сындарының жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін болады.