«Эйр Астананың» қызметкеріне қол жұмсаған экс-банкирге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - «Эйр Астананың» қызметкеріне қол жұмсаған экс-банкир Дархан Ботабаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

Аудан прокуратурасының бүгінгі күні ұшақ билетін сату жөніндегі қызметкер Н.Байғазиеваның 11 қыркүйекте «Нұрлы Тау» бизнес-орталығында орналасқан «Эйр Астана» АҚ кеңсесінде болған Д.Ботабаевтың сотқарлық әрекетіне қатысты арызын қарастырғаны атап айтылуда.

13 қыркүйекте аталған факті бойынша Алматы қаласы ІІД Бостандық ауданы әкімшілік полиция бөлімінің ІІБ учаскелік инспекторы Д. Ботанбеков ҚР ҚІК 37-бабы 1-бөлімі 2-тармағы негізінде яғни, қылмыс құрамы болмағандықтан, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды.

«30 қыркүйекте арызды қарастыру нәтижесі бойынша, аудан прокуратурасы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін жойды және Д.Ботабаевқа қатысты ҚР ҚК 257-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу үшін Алматы қаласы ІІД-не жіберді», - деп айтылған прокуратура хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар