Ежелгі шақа 1,1 миллион долларға сатылды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Біздің дәуіріміздегі 66-жылы соғылған күміс шақа Нью-Йорктегі аукционда 1,1 миллион долларға сатылды, деп хабарлады Лента.ру.
Оны аты-жөні айтылмаған американдық коллекционер сатып алған.
Шақа Бірінші Иудей соғысы кезінде еврейлер римдіктерге қарсы көтеріліске шыққан кезде соғылған. Оның бір бетіне салт жораларына арналған тостаған салынған, ал екнші бетінде анар ағашы бейнеленіп, «Қасиетті Иерусалим» деген сөздер жазылған. Бздің заманымызға осындай екі шақа ғана жетті. Екіншісі Израиль мұражайында сақтаулы тұр
Heritage Auctions аукцион үйінде 1,1 миллион доллар - еврей шақасына бұрын-соңды берілген ең жоғары баға деп санайды. Ол бұрын «Шошан коллекциясы» жеке жәдігерліктерінің бірі болатын.