Ежелгі тарих пен мәдениетті заманауи тұрғыда зерттеу қажет - Виктор Зайберт
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі тарихшы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология және дала өркениеті ғылыми-зерттеу институтының директоры Виктор Зайберт Ұлы дала мен ежелгі мәдениеттің құндылығы туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дала өмірі жүйесі бүкіл әлемге көптеген жаңашылдықтар әкелді. XVIII-XX ғ.ғ тарихи деректерде жазылғандай, дала - көшпелі халықтардың өтетін дәлізі ғана емес, онда бүкіл Еуразия кеңістігіне тараған жаңашылдықтар пайда болды, міне осынысымен де Ұлы дала мен оның ежелгі мәдениет құнды», - деді В.Зайберт.
Көне дереккөздері көрсеткендей, дала өркениетінің деңгейі тек қана материалдық бағыттағы көрсеткіштермен емес, сондай-ақ рухани құндылықтармен де бай.
«Тарихымыздың келешек дамуының негізі, өткен мыңжылдықтардың тереңінде жатыр. Ежелгі тарихымыз бен мәдениетіміз туралы құнды деректерді заманауи тұрғыда зерттеп, зерделеу арқылы қоғамымыздың материалдық және рухани даму динамикасын арттыра аламыз», -деді ол.
Танымал тарихшы В.Зайберттің пікірінше, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы - мемлекеттік маңызы бар игі бастамалардың жалғасы.
«Президент айтып өткендей, бұл бір жағынан біздің қоғамымыз бен ғылымымыздың дамуының белгісі, екінші жағынан ел ертеңі үшін философиялық ой-толғауымыздың келешегін анықтап берді», - деді белгілі тарихшы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.