02:24, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Ежелгі тұрғындар да аспирин мен антибиотиктерге ұқсас заттарды пайдаланған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үңгірдегі адамдар дәрілік өсімдіктер туралы кеңінен таныған. Генетикалық зерттеу көрсеткендей, олар дәрілік өсімдіктерді тіс ауруын емдеу үшін қолданған.

Олар 42000-50000 жыл бұрын өсімдіктердің қасиеттерін пайдалана білген.
The Mirror хабарлағандай, Аделаид университетінің ғалымдары үңгірден табылған неандерталдықтардың (Испаниядағы Эль-Сидрон және Бельгиядағы Спа қаласы) тістерін зерттеген.
Сонымен Спадағы үңгірдегі неандерталдықтар жүнді мүйізтұмсықтар мен еуропалық жабайы қойларды, сондай-ақ жабайы саңырауқұлақтарды тамақтарына пайдаланған. Эль-Сидроне үңгіріндегі ежелгі адамдар, алғашқылармен салыстырғанда, ет жемеген. Олар вегетариандық үлгідегі тамақтарды (қарағай жаңғақтарын, мүк, саңырауқұлақтар мен ағаш қабығын) көбірек тұтынған.