Ф.Хаджиева ата-әжесінің аманатын орындап, қиын кезеңде пана болған Н.Назарбаевтың отбасына алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер аударылғандар үшін қасиетті жер - Қазақстан. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен XXIV сессиясында Қазақ ұлттық ауыл шаруашылығы университетінің 3-ші курс студенті Фаризат Хаджиева осылай деді.

Ф.Хаджиева ата-әжесінің аманатын орындап, қиын кезеңде пана болған Н.Назарбаевтың отбасына алғыс айтты

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Биыл жарияланған Алғыс айту күні қанша тарихты еске түсіріп, мен сияқты жастардың жүрегіне ой салды. Мен бүгін бұл сахнаға отбасымның аманатын өтеу үшін шығып тұрмын. Жер аудару жылдарында менің атамның отбасын қайырымды, қонақжай қазақ отбасы паналатыпты. Олардың өзі екі бөлмелі саман үйде тұрады екен. Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Фаризат Хаджиева Сіздің отбасыңыз, Әбіш атаның отбасы паналатқан Хызыр Хаджиевтің немересі, Харет Хаджиевтің шөбересімін», - деді ол.

Осы ретте ҚР Президенті Фаризаттың атасын еске түсіріп, ақ ниетіне ризашылығын білдірді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, егер Әбіш атаның қамқорлығы болмаса, менде бүгін осы сахнада тұрмас едім. Сол адамгершілік, сол кеңпейілдік, сол қамқорлық үшін Сіздің ата-бабаларыңызға, сіздің отбасыңызға айтар алғысымыз, ақ тілегіміз шексіз», - Ф.Хаджиева.

Ол Әбіш атаның бастамасымен өз атасының 2 бөлмелі саман үй тұрғызғанын да айтты.

«Бұл сол уақытта арнайы жер аударылғандар үшін нағыз салтанатты сарай болатын. Қоныс тойына Әбіш ата бұзау сыйлапты. Дәл сол сыйлық біздің отбасымыздың бақыт пен молшылық нышанын айналған және бұл тарих бізде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, болгар халқында барлық мұсылмандар үшін қасиетті жер Мекке мен Медина деген сөз бар. Ал жер аударылғандар үшін қасиетті жер - Қазақстан». - деді ол.

«Фаризат, өзің де білетін шығарсың, сенің атаңның бір қызы менің туысыма тұрмысқа шыққан. Сондықтан біздің туыстық байланысымыз бар. Саған сәттілік тілеймін»,- деді Елбасы өз кезегінде.