Ф. Мейвезер: Головкин - мықты, бірақ ол бір жақты әрі қандай да бір арнайы әдістері жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка боксшысы кіші Флойд Мейвезер Геннадий Головкинді тағы бір рет сынға алды, деп хабарланды GGG тобының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
«Головкиннің бұрын қалай жұдырықтасқанын көрмедім, тек кей сәтін ғана байқап қалдым. Одан кейін мен оның кіші Вилли Монромен айқасын көру мүмкіндігіне ие болдым. Головкин өзіне не керек, соны істеді, бірақ ол мені өзімнің салмағымда соққыға жыға алмайды, өйткені мен ол үшін өте ақылдымын. Головкин - мықты, бірақ ол бір жақты әрі қандай да бір арнайы әдістері жоқ. Бұл менің көзқарасым», - деді Флойд.