Ф.Могерини ҚХДР-ды әлемдік қоғамдастықпен диалогты жаңартуға шақырды

«КХДР үкіметі бүгін таңертең ядролық сынақ жүргізетіні туралы мәлімдеді. Егер бұл ақпарат расталса, онда бұл әрекет КХДР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше қарарында бекітілген ядролық қаруды шығармау немесе сынақтан өткізбеу туралы халықаралық міндеттемелерді елеулі бұзған болып саналады. Бұл сондай-ақ, Солтүстік Шығыс Азиядағы бейбітшілік және қауіпсіздікке қауіп төндіреді», - деп атап өтілген хабарламада.
Еуропалық дипломатия басшысы КХДР дипломатиялық күштердің жағдайын түсінуге және Корей жарты аралының ядролық қарудан азат ету бойынша алтыжақты келіссөзді жаңартуға шақырды.
Еске салсақ, сәрсенбіде Солтүстік Корея сутекті бомбаны сәтті сынақтан өткізгені жайлы мәлімдеген. БАҚ деректеріне сәйкес, бомба қуаты болжаммен, алты килотоннаны құраған. Осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі сәрсенбіде жоспардан тыс кездесу өткізеді. Отырыс Нью-Йорк уақытымен сағат 11:00-ге тағайындалған.