08:12, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ф.Роуч: Бірнеше жекпе-жектен кейін Головкин әлемнің үздік боксшыларының бірі атанады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше жекпе-жектен кейін WBA-ның орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан pound-for-pound боксшы атанады, яғни ол ғаламшардың үздік боксшыларының әлемдік көшбасшылары қатарына кіреді.
Осындай пікірін The Boxin Voice-қа берген сұхбатында «жыл жаттықтырушысы» атағының алты дүркін иесі Фредди Роуч білдірді, деп хабарланады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
«Головкин - өте мықты боксшы, оның жаттықтырушысы да жақсы. Мен көптеген боксшылардың Головкинмен айқасудан қашып жүр деп ойлаймын. Бұрын оны Америкада аса елемесе, қазір сол олқылықтың орны толтырылып жатыр. Бірнеше жекпе-жектен кейін ол әлемдегі үздік pound-for-pound боксшылардың бірі болады деп ойлаймын», - деді Фреди Роуч. Бұған дейін хабарланғандай, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 21 ақпан күні Монакода британдық Мартин Мюррейге қарсы өткізеді.