Фьюри мен Чисораның жекпе-жегі соңғысының жарақатына байланысты кейінге шегерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ауыр салмақтағы боксшы Дерек Чисора қолынан жарақаттанып, оның Тайсон Фьюримен жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп хабарлады "Сегодня.Ua".
Екі британдықтың кездесуі 26 шілдеде Манчестерде өтуі тиіс еді. WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер боу үшін таласады. Әзірге бұл салмақта украиндық Владимир Кличко көш бастап тұр.
Чисора жекпе-жектердің бірінде сол қолын сындырып алған. Дегенмен алдағы кездесудің қашан болатындығы жақын арада жариялануы тиіс.
Британдық боксшылардың алғашқы жекпе-жегі 2011 жылы шілдеде ұйымдастырылды. Онда ұпай саны бойынша Фьюри жеңіске жеткен болатын.
Фьюри кәсіби рингте 22 жекпе-жекте жеңген, Чисора болса, 20 рет басым түсіп, 4 кездесуі қарсыластарының пайдасына шешілді.