Фьюридің бапкері Кличко әлем чемпионы Джошуамен айқаста жеңеді деген сенімде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Тайсон Фьюридің ағасы және бапкері Питер Фьюри украиндық Владимир Кличконың IBF нұсқасы бойынша ең ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуаны 29 сәуірде Лондонда өтетін әлем чемпионы титулы үшін айқаста жеңуге мүмкіндігі жоғары деп санайды.
«Мен бұл жекпе-жекті Чарльз Мартин, Доминик Бризил мен Дерек Чизораны жеңіп, үлкен жеңіске жеткен Джошуа үшін «қышқылды» тест болады деп ойлаймын. Бұлардың ешқайсысы әлемдік деңгейдегі қарсылас болып саналмайды. Екінші жағынан, Кличко соңғы жылдары көптеген боксшыларды жеңді және олардың бірқатары қазірге дейін жоғары бағаланады», - деген Фьюридің сөзін келтіреді BoxingScene.