22:42, 31 Мамыр 2015 | GMT +5
Фабио Ару «Джиро д'Италия» додасындағы үздік жас шабандоз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы итальяндық шабандоз, қазақстандық «Астана» командасының капитаны Фабио Ару Джиро д'Италия-2015 жарысының қатарынан екінші тау кезеңінде жеңіске жетті.

Осылайша Ару Джиро подиумының екінші сатысына шығып қана қоймай, ең үздік жас шабандоз аталымын жеңіп алды, деп жазады Sports.kz .
«Жолдың бойында маған қолдау көрсеткен жанкүйерлер көп болды, өзімді үйде жүргендей сезіндім. Кезең бойы алда болып жұмыс істедік. Осы күндердің бәрінде Ланда команда үшін жанын аямай еңбек етті. Маған Колле делле Финестреде жүру қиынға соқты, бірақ кейін түсу жолында Микельге қосылып кеттім. Бұл менің кезеңдегі екі күннің ішіндегі екінші жеңісім. Қаншама күн қиналғаннан кейін барлығын толық сезіне алмай отырмын», - деді Фабио Ару.