Facebook 16 млрд. долларға WhatsApp мессенджерін сатып алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Facebook әлеументтік желісі WhatsApp смартфондары үшін мессенджер сатып алады. Мәміленің құны 16 млрд. долларды құрады, делінген компанияның мәлімдемесінде, деп хабарлады РБК.

Facebook 16 млрд. долларға WhatsApp мессенджерін сатып алады

16 млрд. доллардың 4 миллиардын компания қолма-қол төлейді, тағы 12 млрд.-ы - Facebook акцияларымен өтеледі. Компанияның мәлімдеуінше, WhatsApp негізін қалаушылардың бірі Ян Коум компанияның директорлер кеңесіне кіреді.

Келісімде 3 млрд. доллар көлеміндегі акцияларды шектеулерімен WhatsApp компаниясы негізін қалаушылары мен қызметкерлеріне беруді мәміле жабылғаннан кейін төрт жыл бойы жүргізу көзделген. Facebook-тың пайымдауынша, WhatsApp-ты сатып алу екі компанияның да пайдаланушылар қатарын және олардың белсенділігін арттыруды шапшаңдатады.

"WhatsApp жуырда 1 миллиард адамды қосады. Бұл межені еңсеретін сервистің құндылығы өте жоғары», - деп мәлімдеді Facebook басшысы және негізін қалаушы Марк Цукерберг.

WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылар саны 450 миллион адамға жуықтайды. Ол мәтіндік хабарламаларды, суреттерді, бейне және аудио жазбаларын жіберуге мүмкіндік береді. Мессенджер барлық ірі ұялы тұғырнамаларда жұмыс істейді. 2012 жылдың жазында WhatsApp көмегімен 27 млрд.-қа жуық хабарламалар жіберілді.