Facebook 2 млрд. долларға жаңа компания сатып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі «виртуалды әлемге» көзілдірік дайындайтын Oculus VR компаниясын сатып алады, деп хабарлады «The Wall Street Journal».

Facebook 2 млрд. долларға жаңа компания сатып алмақ

Құны 2 млрд АҚШ доллары тұратын компаниямен келісімді АҚШ федералды сауда комиссиясы келесі айда мақұлдайды.

Facebook жетекшісі Марк Цукербергтің наурыз айында Oculus VR компаниясының болашағы алда деп айтқанынан кейін-ақ осы келісімшарт жасалатыны белгілі болған еді, деп жазады шетелдік БАҚ. «Oculus VR» компаниясын 21 жастағы жас кәсіпкер Палмер Лаки 2013 жылы құрған. Ол бизнесін iPhone жөндеуден бастапты.

Виртуалды көзілдіріктер әзірге көпшілікке арналмаған.

Айта кету керек, бұл Facebook-тің биылғы млрд-тық екінші саудасы. Ақпанда компания WhatsApp-ты 19 млрд.-қа сатып алған. Ал 2012 жылы Instagram үшін $1 млрд. төлеген болатын.