Facebook 4,5 млн. адамды жұмыспен қамтып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі, 1,35 миллиард белсенді пайдаланушысы бар Facebook өткен жылдың қорытындысы бойынша әлемдік экономикаға 227 миллиард доллар әкелген.
None
None

Сонымен қатар, Марк Цукербергтің компаниясы 4,5 млн жұмыс орнын құруға жәрдемдесті. Facebook тапсырысы бойынша Deloitte & Touche фирмасының зерттеу нәтижесі осындай.

D&T сарапшылары сайтқа қатысы бар кез келген шаруашылық қызметті, гаджетке деген сұраныс, ғаламтор қызметін де есептеген. Көптеген компанияның бизнесі әлеуметтік желіге тәуелді екенін атап өтті. Олар осылайша жарнама жасап, жаңа клиенттерін тартады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар