Facebook әлеуметтік желісі арқылы адамдардың жыныстық бағытын анықтауға мүмкін

Зерттеу нәтижесінде адамдардың Facebook желісін қалай пайдаланатынын байқап отыратын компьютерлік бағдарламалардың арқасында жинақтауға болатын жеке ақпараттың елеулі көлемі анықталды.
Кембридж университетінде жүргізілген зерттеу мәліметіне қарағанда, осы тектес бағдарламалар Facebook-ті пайдаланушылардың жыныстық бағыты, олардың есірткіге құштарлығы, сондай-ақ ата-аналарының ажырасуы фактілері секілді жабық ақпаратты айқындауға қауқарлы.
Атап айтқанда, ерлердің жыныстық бағыты бойынша алгоритмдердің анықтаған нақтылығы 88 пайызды, адамдардың діни нанымдары мен саяси көзқарасы 80 пайыз деңгейінде, нәсілін 95 пайыз нақтылықпен көрсеткен екен. Сонымен қатар азаматтың тұрпаты мен эмоциялық тұрақтылығын 62-75 пайыз дәлдікпен алдын ала болжауға мүмкін болған.