Facebook әлеуметтік желісінде ашылған «Денсаулық сақтау министрлігі» аккаунты фейк болып табылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адамдар Facebook әлеуметтік желісінде ашқан «Денсаулық сақтау министрлігі» аккаунты фейк болып табылады, деп хабарлама таратты аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.
«Ол жерде орналастырылған кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (ҚР ДСӘДМ) ресми позициясы емес.
Бүгінгі таңда Facebook әлеуметтік желісіндегі ҚР ДСӘДМ ресми аккаунты https://www.facebook.com/pages/Министерство-здравоохранения-и-социального-развития-Республики-Казахстан/196849530492917 мекенжайында орналасқан», - деп жазылған хабарламада.