Facebook әлеуметтік желісінде «Қазпоштаның» арнайы қосымшасы іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісінде «Қазпошта» АҚ-ның арнайы қосымшасының іске қосылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
None
None

Telegram мессенджердегі @KazPostBot аккаунтының баламасы болатын бұл қосымшаның көмегімен сәлемдемелердің трекингін бақылау, Қазақстан бойынша постаматтардың орналасқан жерін қарау және валюта айырбастау бағамы жайлы ақпараттар алуға болады.

@KazPostBot қызметін күніне 6,5 мыңнан астам адам қолданады, күн сайын боттың бірегей пайдаланушылар қатары жүз адамқа артуда. Бот тәулігіне 1000-нан астам сұрауларды өңдейді.

Айдын аяғына дейін қосымшада «Ең жақын бөлім», «Түйіндемені қосу» және «Валюта айырбастау мұрағатты» сияқты мүмкіндіктер іске қосылады. Сонымен қатар, Қазпошта IT-бөлімінің мамандары апта сайын жаңа мүмкіндіктерді қосып отырады, бұл қалаған ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Арнайы қосымшаны пайдалану үшін Қазпоштанын әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, «ұнайды» белгісін басып, «қосымшаны пайдалану - түймені сынап көру» белгісін қою қажет.

Мына сілтеме бойынша қосымшамен танысуға болады.
null

Соңғы жаңалықтар