Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг 16 күзетші жалдауға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтің желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг өміріне төнген қауіпке байланысты үйін күзету үшін 16 күзетші жалдады.
None
None

Бұған миллионер өз атына интернет арқылы бірнеше рет дөңайбат жасалғаннан кейін мәжбүр болды. Бірақ әзірге кімнің және қандай мақсатпен бизнесменді қорқытқаны белгісіз, деп жазады британдық Page Six басылымы.

Журналистерге дереккөздің хабарлағанындай, Цукербергтің Пало-Альтодағы үйін (Калифорния штаты) қазіргі уақытта 16 арнайы маманданған адам күзетуде.

Айта кетер жайт, бұдан басқа да Пало-Альтода тұратын ауқатты бизнесмендердің барлығы күзет штатын көбейтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар