Facebook БАҚ-қа материалдарын тікелей әлеуметтік желілерге орналастыруды ұсынып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook компаниясы бірқатар БАҚ-пен контентті бірден әлеуметтік желінің парақшаларына орналастыру бойынша келіссөздер жүргізуде, деп жазады The New York Times.

Facebook БАҚ-қа материалдарын тікелей әлеуметтік желілерге орналастыруды ұсынып отыр

Компанияда басылымдардың өз материалдарын әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастыруын, сол арқылы қолданушылардың Facebook-тен шығып кетпеуін қалап отыр. Әлеуметтік желінің келіссөздер жүргізіп отырған БАҚ-дың арасында The New York Times, BuzzFeed және National Geographic бар.

Келіссөздер жасырын түрде жүргізіліп, контентті біріктіру әдістері әлеуметтік желінің парақшаларына жазылмауда. Алайда жаңа форматтың жақын бірнеше айда тестіленетіні туралы хабарланып отыр.