Facebook компаниясы 2016 жылдың алғашқы тоқсанында табысын үш есеге арттырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook компаниясының 2016 жылғы алғашқы тоқсанындағы табысы 195 пайызға артқан. Осы кезеңдегі кіріс 1,5 млрд долларға жеткен, былтыр сәйкес кезеңде компания 512 млн табыс тапқан, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Facebook компаниясы 2016 жылдың алғашқы тоқсанында табысын үш есеге арттырды

Табыс көзі жарнама берушілер есебінен ұлғайып, жарнамадан 5,2 млрд доллар түскен. Facebook-тің алғашқы тоқсандағы таза түсімі 5,5 млрд доллар болған, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 52 пайызға артық.
Әлемдегі ірі әлеуметтік желісі тұрақты пайдаланушылар қатары да артқанын жариялады. Есепті көрсеткіш бойынша, белсенді пайдаланушылар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Бұл - 1,65 млрд адам.