Facebook Пәкістандағы жарылыстан кейін қателесіп бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік жүйесін іске қосқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі Пәкістан елінің шығысындағы Лахор қаласында болған лаңкестік әрекеттен кейін қателесіп бүкіл әлем бойынша қауіпсіздік жүйесін іске қосқан, деп хабарлайды Independent газеті.

Аталған әлеуметтік желінің қайғылы оқиға орын алған жерден шалғайдағы пайдаланушыларына жарылыстан зардап шеккен-шекпегені туралы сұрақ келе бастаған. Facebook-тың «Қауіпсіздікті тексеру» (Safety Check) функциясы көбіне АҚШ және Ұлыбританиядағы пайдаланушыларына хабарламалар таратты. Әлеуметтік желінің пайдаланушылары атап өтуінше, олардың көбі Пәкістанда ешқашан болмаған және өздерінің парақшаларында бұл ел туралы қандай да бір ақпарат орналастырған емес.

Соңғы жаңалықтар
telegram